Ерементау тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстандағы ірі және белгілі мұражайларына жатқызуға болмайды. Әйткенмен, осы шағын және жайлы аудандық мұражайында осы өлкенің тарихы мен қазақтың атақты жауынгері Бөгенбай батыр жайында айтатын экспонаттардың топтамасы бар. Мұражай ауылдың орталығында кең бір қабатты үйде, 19 ғасырдың тарихи құрылысында орналасқан.
Мұражай 1991 жылдың шілдесінде ашылды, ол аты аңызға айналған Бөгенбай батырдың туған күнінен бері 300-жыл өткеніне орайластырылған. Сол жылдары осы күн бүкіл Республика ауқымында тойланып жүрді. Осы салтанатты күнге Ерементау ауданына алыс және жақын орналасқан шетел елдерінен қонақ шақырылған. Осындай салтанатты атмосферада тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Оның бірінші директоры Т. Шушанова болды.
Мұражай ашылуынан кейін алғашқы күндері қаланың басты көрікті жерлердің бірі болып табылады. 1999 жылы мұражай өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды, оған аты аңызға айналған Бөгенбай батырдың есімі берілді.
Бөгенбай батыр –XVIII ғасырдағы қазақтың ірі әскери басшылардың бірі, Абылай хан дәуірінің қолбасшысы болып табылады. Қолбасшы ретінде оны «Қанжығалы Бөгенбай» деп атаған қазақ жауынгерлерінің арасындағы зор абыройы мен құрметке ие болды. Олжабай, Қабанбай, Малайсары және басқа батырлармен бірге жоңғарларға қарсы күрестерде, кейін жерін қытай басқыншыларынан азат етуде батылдық көрсетіп,ол халқының тәуелсіздігі үшін күресті. Бөгенбай Абылай ханмен бірге қазақтардың астанасы Түркістан мен Сауран қалаларын жоңғарлардан азат ету күресін басқарып, оларды Жоңғар Алатауға қуды.
Аудан тұрғындары 1999 жылы оның құрметті қонағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болғанын ерекше мақтан тұтады. Ол тарихи-өлкетану мұражайына келіп, мұражай қызметкерлеріне жұмыстары үшін алғыс айтып, аудан тарихымен танысты.
Сол кезден бері мұражай залдарында көптеген қонақтар болды, олардың арасында елдің белгілі адамдары бар. Бұл ақын, саяси қайраткер Мұхтар Шаханов, ҚР халық әртісі Қайрат Байбосынов, Кеңес Одағының Батыры Я.Киселев, ҚР Парламентінің депутаты С.Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаты В.Котович, сонымен қатар Германия, Литва, Украина, Беларусь, Ресей, Түркия мен тағы басқа елдерден келген көптеген шетел қонақтары бар.
Ерементау ауданының мұражайы тарихи-өлкетану мұражайларының республикалық каталогына енгізіліген. Мұражайдың бүкіл экспозициясы төрт залда орналасқан. Тақырыбы бойынша палеонтология мен археология залы; этнография залы; қазақ батырларының даңқ залы; аудан тарихын баяндайтын залы болып бөлінген.
Мұражайдың негізгі қорында мыңнан астам экспонаттар бар, олардың басым бөлігі келушілер үшін залдар ішіне қойылған.
Экспозицияның негізгі бөлігі жергілікті суретшілері мен халық шығармашылық шеберлерінің жұмыстарына арналған, мұражай қызметкерлері дарынды суретшілерді, қолданбалы өнерінің шеберлерін қолдау және табу бойынша үлкен жұмысты жүргізіп жатыр. Мұражай шеңберінде жергілікті суретшілер З.Сергиенко, А.Ладур, А.Отюцкая, С.Рахимжанов, Ш.Қызырова, А.Қызырова, С.Жылқыбаевтың жеке көрмелері ұйымдастырылған. Екібастұз, Степногорск, Астана қалаларының мұражайларымен бірлесіп айырбастау көрмелері өтті.
Мұражай жұмысшылары өздері маршрут салып, Ерементау ауданының тарихи-археологиялық ескерткіштерін зерттеу бойынша ғылыми экспедициясын ұйымдастырды. Осы экспедициясының соңында баяндама дайындалды, ол нәтижесінде Көкшетау қаласында облыстың мұражай қызметкерлерінің ғылыми кеңесінде оқытылған.
Мұражай қызметкерлері үнемі экспозициялық залдар бойынша экскурсияларды өткізеді, осыдан басқа олар ай сайын кездесу кештерін, «дөңгелек үстелдерін», әңгімелесулерді, лекцияларды ұйымдастырып, оқушыларға, ғылыми жобаларды орындау бойынша студенттерге кеңес беріп отырады. Мұражай аудан ардагерлерінің кеңеісмен тығыз байланысты, олар қала мектептерімен бірлескен іс шараларды жүргізіп, өлкетану жұмысы жүргізіледі.
Мұражай тарих пен ауданның өткені жайында білігісі келетін және суретшілер мен қолданбалы шеберлердің қызықты көрмелерін көргісі келетін адамдар үшін ашық.