Семей қаласының орталығында, Абай 50 көшесінде қаладағы ең әдемі республикалық маңызындағы сәулет ескерткіштерінің бірі – Екі мұнаралы соборлы мешіт орналасқан. Ол 1856-1862 жылдары аралығында салынып, ХІХ ғасырдың діни ислам сәулетшілігінің үлгісі болып табылады. Мешіт суреті мен сипаттамасы Романовтар үйінің 300-жылдығына орай 1914 жылы басылған ірі мешіттер жайындағы мәліметтері бар альбомына кірді. Осы тамаша ғимарат өртенген мешіттің орнында татар көпестері Халитов, Сүлейменов, Абдешев, Рафиков қаражаттарына салынған. Жобаның негізі ретінде түрік мешіттерінің құрылымдық ерекшеліктер алынған.
Санкт-Петербургтың мемлекеттік тарихи мұрағатында Семей қаласының мұсылмандары өртенген мешіттің орнына жаңасын салуды сұрап жатқандары жайындағы хат сақталған. Сонымен қатар, сол хатта «жаңа мешіт діни орталық болып, қаланы көркейтетін еді» деп жазылған. Бастапқы құрылыс кезінде мешіт мұнаралары ағаштан жасалған, бірақ 1897 жылы Василиц Халитов оларды өз қаражатына кірпішке алмастырып, мешітті жаңартты.
Қалаға келген белгілі адамдардың еске алулары мен хаттарында мешіт жайында жазбалар сақталған, осылай 1864 жылы этнограф Завалишин «Батыс Сібір сипаттамасы» деген кітабында былай жазады: «Семей өте сұлу және жақсы салынған қала, бірақ затымен азиялық қала, (осында) жеті мешіт бар, олардың біреуі тастан жасалған соборлы, екі мұнаралы.».
Ескі тұрғындар мен жергілікті өлкетанушылар сәулет ескерткішіне қатысты көптеген аңыздар мен әңгімелерді біледі, солардың біреуіне сенсек, мешіттің астында молда үйі мен мешітті біріктіретін құпия жер асты жолдары бар, аңыз бойынша, сол жерде молданың діни кітаптары жиналған бірегей кітапхана бар. Туннель бес метрлік тереңдікте орналасатын мүмкін, ал оның ұзындығы 50 метрден астам бола алады.
Аңыздар аңыз болып қалады, дегенмен Соборлы мешіт шынымен әдемі және әсер қалдыратын сәулетті құрылыс, құрылыс материалының жоғары сапасы, қабырғалардың шеберлікпен салынуы, қызықты құрылымдық шешім – осының барлығы осы ,имараттың даңқы мен бірегейлігін құрған.
Мешіт ғимараты бір күмбезі бар мен екі мұнарасы ар тік бұрышты құрылыс болып табылад. Жобаға сәйкес өлшемдері 16,5х32,5 м құрайды, мұнараларды қосқанда оның биіктігі шамамен 30 м, көлемі 7 мың м3 астам (төлесіз). Мешіт қасбеті жабыстырылған капительдері бар әсем жарты бағаналарымен безендірілген. Терезелер шеберлікпен жиектелінген. Ғимарат периметрімен жабыстырылған карниз өтеді. Мешіттің ішкі көрінісі бағаналармен және көлденең тәждермен әдеміленген. Күмбезасты бөліктің периметрі бойымен Құраннан алынған нақыл сөздері бар сары-жасыл түстегі өрнек бар.
Мешітте жарты шеңбермен байланысатын тікбұрыштар түріндегі 14 терезе бар. Есіктің үстінде суретімен шағын күмбезді қайталайтын терезе ойықтары бар. Ғимараттың экстерьерінде бетше босағалық бөліміндегі негізгі залдың бұрыштарында орналасқан екі мұнара ерекше орын алады. Зал жағынан мұнараға апаратын есік бар, олардан өтіп, тар сүйір терезелермен толықтырылаған үстіңгі алаңдарға шиыршық баспалдағы арқылы көтерілуге болады. Екі мұнара алтынмен жалатылған жарты аймен аяқталады. Мешіттің бүкіл ғимараты периметрі бойымен жерден ернеуіне дейін рельефтық сәндік белдіктермен өңделген. Жоғары кіре берістегі үш есіктері бар бетше босағалық жай баданалы күмбезбен аяқталады. Мешіттің төле жайы төрт тең бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының екі есігі бар, ол қойма жайларына, шаруашылық жайларына арналған.
Кеңес үкіметі кезінде мешіт жабық болып тұрған, дегенмен сол ғимарат сәулет ескерткіші ретінде қорғауға алынған. 1971-75 жылдары ғимаратты Қаз ССР Мәдениет министрлігінің ғылыми қалпына келтіру мен жөндеу бірлестігінің бригадасы қайта салды.1975 жылдан бастап мешіт ғимаратында көрме залы орналасқан. Тек 1995 жылы Абайдың 150-жылдығының алдында мешіт діндар адамдарға тапсырылып, міндеті бойынша пайдаланылған. 2002 жылы қала әкімдігі, жергілікті кәсіпкелер мен қоғамының қолдауымен ғимарат күрделі жөндеуден өтті.
2007 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама бойынша мешітті қалпына келтіру үшін 27 млн. теңге бөлінді. «Қазреставрация» (Қызылорда) республикалық мемлекеттік кәсіпкерлігінің (РМК) мамандары қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Орталық мешіт «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жөнделген мешіттердің екіншісі болып табылады.
Жамбыл атындағы Шығыс-Қазақстан облысының драма театры өзінің тарихын 1935 жылынан бастайды, дәл сол жылы қала тұрғындары труппаны қалыптастыру мен қалада тұрақты кәсіби театрды құруда көмектесуін сұрап, М. И. Калининге бастамалық хатты жазады.
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың арасында болған махаббат сезімі жайындағы ежелгі және өте әдемі аңыз бүкіл әлемге танымал Ромео мен Джульетта жайындағы аңызға ұқсас, мәңгілік махаббат жайындағы осыған ұқсас желілер көптеген халықтардың эпостарында бар шығар. Қазақ аңызы әдемі және арманшыл болып келіп, ешкімді енжар етіп қалдырмайды, және дала романының кейіпкерлеріне немқұрайлықпен қараған жан ешқашан табылмайды.