Бейбітшілік және Келісім сарайы, оны ел арасында Пирамида деп те атайды, Қазақстанның елордасы Астананың басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бұл ғажайып құрылыс соңғы жылдары салынған әлемдегі ең бірегей ғимараттардың қатарында.
«Бейбітшілік және Келісім сарайын» құру идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Мемлекет басшысы оны 2003 жылғы 23-24 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің тұңғыш съезінде таныстырған болатын. Аз ғана уақыттан кейін - 2006 жылы «Бейбітшілік және Келісім сарайы» екінші съездің делегаттары мен қатысушыларын да қабылдады.
Бірнеше жылдың өзінде-ақ бұл алып құрылысты есімі әлемге кеңінен танымал британ сәулетшісі Норман Фостер «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін» өткізу үшін арнайы жобалап, жасаған болатын.
Бұл құрылыстың бірегейлігі не мақсатпен салынғанда ғана емес, сондай-ақ пирамиданың салыну қағидатына да негізделеді. Оның негізін қыры 61,80339887 метр, биіктігі де 61,80339887 шаршы құрайды, бұл «Фибоначчидің алтын қимасы» қағидаттарына сай келеді. Пирамида алаңы 28 мың шаршы метрді, жалпы биіктігі 62 метрді құрайды. «Бейбітшілік және Келісім сарайы» - бұл заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған конференц-залдар мен көрме аймақтары, көркемсурет галереялары, презентациялық кешендер және т.б. көптеген сәулетті орын-жайлар.
Пирамиданың ұшарбасын суретші Брайан Кларктың нағыз өнер туындысы – Қазақстан жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстарды білдіретін 130 көгершін бейнеленген витраж көркемдейді.
Бейбітшілік және Келісім сарайын ең жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған 1500 орынға арналған концерт-опера залын қамтиды, мұнда 25 гримдеу бөлмелері жұмыс істейді. Залдың интерьері қою қызыл-алтын реңде орындалған, табиғи жарық жоғарыда орналасқан күн іспетті терезе арқылы залға түседі.
80 адамға лайықталған және тереңдігі 2,8 метр болатын оркестр шұңқыры бар сахна түрлі деңгейдегі қойылымдарға арналған.
Сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде Опера залының сахнасында әлемдік опера жұлдызы Монсеррат Кабалье өнер көрсетті.
Келесі «Хеопс Атриум» залы аса ірі, алаңы 2 м шаршы м астам, залда өзінің ауқымымен таңдандыратын «Астананы дамытудың 2030 жылға дейінгі бас жоспары» композициясы бар.
Бейбітшілік және Келісім сарайының шыңында «Бесік» залы орналасқан, онда әлемдік діндер көшбасшыларының әлемге белгілі конференциясы өтті. Залдың айналасында әлемде кездесетін өсімдіктердің сан түрлілігімен еріксіз назар аудартатын «Қысқы бақ» жайластырылған. Сондай-ақ, Пирамида күмбезінің астында конференц-залдар, көрме аймақтары және т.с.с. орналасқан.
Елорда қонақтары мен тұрғындарын заманауи өнердің туындыларымен осында орналасқан «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығы мен «Шежіре» галереясы таныстырады. Онда Қазақстан, таяу және алыс шет елдері суретшілерінің көрмелері мен шығармашылық кештері өтеді.
Жыл сайын Пирамиданы үшін мыңдаған туристер келеді, панорамалы жеделсаты барлық ниет білдірушілерге жайқалған жасыл террасалар мен пирамида күмбезінен түсетін күн сәулесінің ойынын тамашалауға мүмкіндік береді. Шыңға жаяу жүріп бару бұдан да қызығырақ: қысқы бақтың жауһар өсімдіктерінің арасымен толқын сияқты иірілген сатылар арқылы көтерілу қажет. Фостер пирамидасының сырттағы түрі де сән-салтанат пен әсемдікке толы, ол Есіл өзенінің екі жағалауынан да еркін көрінеді. Ал түнде оның шыңы іш жағынан да жарықпен көмкөріледі.
Астанадағы сияқты Бейбітшілік және Келісім сарайына ұқсас сәулеті жарасқан бірегей нысандар әлемде жоқ. Бейбітшілік және Келісім сарайы Қазақстан жеріндегі достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің нышаны болып табылады.