Тұрақталған дәстүр бойынша Павлодар қаласының тұрғындары жақсы көретін жерлердің бірі А. П. Чехов атындағы драма театры болып табылады. Сахна өнеріне құмар болған адамдар театрдың әр маусымын асыға күтуде және театрдың шығармашылық ұжымы әрқашан осы үмітті ақтап, көрермендерді қызықты жұмыстарымен қуантып жүреді.
Театр Павлодар қаласының тарихи орталығында Ленин 166 көшесінде орналасқан. Павлодар драма театрының көпжылдық тарихы бар, театрдың екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезінде 1945 жылы ашылған.
Театрдың құрылуы мен оның кейінгі дамуына В. Ермаков, В. Кузенков, И. Райский, Е. Еникеев сияқты белгілі театр қайраткерлері зор үлесін қосты. Театр тарихы айқын және есте қалатын оқиғаларға толы, сонда 1967 жылы Мәскеу қаласында театрдың салтанатты гастрольдері ерекше кезеңмен ерекшеленген.
Театр труппасында атақты түрлі сахна шеберлері жұмыс істеді: ҚазКСР халық әртісі Ю. Струнина, Ресейдің еңбең сіңірген әртістері О. Афанасьев, Л. Монастырский, И. Чистяков, Ю. Калашников, А. Булдаков және т.б.
Белсенді, қызықты және жемісті жұмыстың жарты ғасырдан астам уақыты ішінде шамамен 20 миллион адам болған 600 астам пьеса қойылып, 30 мыңнан астам спектакль ойналған. Бүгінгі күнде театр қызметінің қойылымдық әр алуандылығын ерекше өзіндік спектакльдерімен, ауқымды театр жобаларымен, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерімен байытып, ең жақсы дәстүрлерінің беріктігін сақтап жатыр.
Театр өміріндегі жаңа шығармашылық кезең 1997 жылы басталған, сол кезде оның басында Виктор Аввакумов болды. А. П. Чехов атындағы Драма театрының директоры мен көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлері одағының басқарма мүшесі. Республика алдындағы жасаған еңбегі, елдегі театр өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Бүгінгі күнде театр репертуарында классикалық және қазіргі драматургия пьесалары бойынша 30-дан астам спектакль бар, олардың ішінде: Ғ. Мүсіреповтың «Махаббат поэмасы», Мольердің «Тартюф», А. Чеховтың «Вишневый сад», М. Булгаковтың «Мастер и Маргарита», В. Островскийдің «Банкрот», А. Чеховтың «Чайка», А. Рыбниковтың «Юнона и Авось», Н. Гогольдің «Игроки», А. Островскийдің «Женитьба Бальзаминова» спектакльдері, сонымен қатар балалар мен жастарға арналған спектакльдер бар.
2000 жылы авангардтың бағыттағы эксперименттік спектакльдер өтіп жататын Кіші сахнасы ашылды. Көрермендер арасында келесі спектакльдер аса танымал болып табылады: Н. Садурдың «Лунные волки», «Ехай», «Чудная баба», Д. Хармстың «Ассамбляж». Театр труппасында 28 актер бар.
Театр бірнеше рет Қазақстанның және жақын тұрған шетел қалаларына гастрольге барған, түрлі фестивальдер мен байқауларға қатысқан, осылай 2013 жылы Чехов атындағы Павлодар театры Мордовия астанасы Саранск қаласында өткен «Отандастар» атты VIII халықаралық театр фестивалінің лауреаты болған.
Павлодарлықтардың өнер көрсеткендері көрермендердің ғана емес, сонымен қатар бәсекелесіп жатқан театрларының әртістерінің көңілінен шыққан. Осы байқаудың шарттары бойынша, жалғыз ғана театр лауреат болып атанады, А. П. Чехов атындағы Драма театры осы байқауда берілетін жалғыз сыйлықтың иегері болды.
Театрдың ресми сайтында қонақтардың пікір қалдыратын кітабі бар, сонда театр спектакльдерін қуана-қуана көретін және жаңа тұсаукесерлерін асыға күтетін көрермендерінің жүздеген алғыс жазған жолдаулары бар.