Орал көне қаласында көптеген көрікті жерлер мен түрлі мұражайлар бар, олардың ішінде XVII ғасырдағы тарих пен ағаш сәулет ескерткіші – Е.И. Пугачевтың мұражай үйі тұрғындары мен қонақтар арасында өте танымал. Қала тұрғындары арасында Орал өзеніне жақын орналасқан ағаш үй Пугачев үйі деген ресми емес атауына ие болды. Іс жүзінде сол үйдің иесі Орал казак Петр Михайлович Кузнецов болды. Ол Емельян Пугачевтыі әйелі Устиньяның әкесі болды деген пікір бар. П.М. Кузнецов белгілі көтерілісшінің қайын атасы болғаны туралы белгісіз, бірақ оның үйі Е.Пугачев басқарған Шаруалар соғысының (1773-1775 жж.) тарихи оқиғаларының арасында болған.
Емельян Пугачев Қазақстан жүздеген шақырым жерде Зимовейская (қазіргі Пугачевская ст.,Волгоград облысы) дүниеге келді, дегенмен оның тағдыры Жайықпен (Оралдың ескі атауы) тығыз байланысты. Дәл осы жерде XVIII ғасырдың 70-ші жылдардың басында Пугачев өзін «Петр III патша» деп атап, казактарды «бостандыққа деген өз құқығын қорғауға» алғаш рет шақырды. Тарихи анықтамалығында 1773-75 жж.халық көтерілісі «Шаруалар соғысы» деп аталады.
Пугачев басқарған шаруалар соғысына патшаның қысым жасағанынан азат болуларын көздеген Кіші жүз қазақтары да қатысқан. Бұл соғыс үш кезеңнен тұрып, 1775 жылы жеңілген. Пугачевтың өзі қарауыл жасағының бақылауымен Мәскеуге тура өлімге аттанады. Кіші және Орта жұз қазақтары қатысқан Шаруалар көтерілісі қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісті Ресейдің отарлауына қарсы бастауға әсер етті.
Пугачевтың өзі және серіктері үшін еркіндік құқығын алу әрекеті сәттілікпен аяқталмады. Ақырында көтерліс басылып, ал оның бастамашысы мен рухтандырушысына жоғарғы өкімет билігі өлім жазасын берді. Және де Пугачев көтерілісін халықтың есінен мәңгіге жою үшін сол кездегі патшайым Екатерина II «еркін ойлылық пайда болған» өзен мен қаланың атауларын ауыстыруға бұйрық берді. Осылай Қазақстан картасынан Жайық пен Жайық қаласы жойылып, олардың орындарында Орал өзені және сәйкесінше Орал қаласы пайда болды.
Емельян Пугачевтың мұражай үйі ХVIII ғасырдағы Жайық казактың кәдімгі күркесі болып табылады – бөрене қабырғалары, жұқа тақтайдан жасалған төбе. 1967 жылға дейін осы ғимаратта кітапхана орналсақан. 1991 жылы Емельян Пугачевтың мұражай үйі филиалдардың бірі ретінде Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы болып табылады.
Мұражайда Пугачевтың және серіктерінің түпнұсқалық затары қойылған, олар: қару, тулар, зеңбіректер, бағалы сыйлықтар, тұрмыс заттары. Экскурсия жетекшілерінің мәлімдемесі бойынша көрсетілген экспонаттар Жайық казактар өмірлерінің өзіндік ерекшеліктерін толығымен көрсетеді.
Мұражай экспозициясында Е. Пугачев пен ол басқарған көтеріліспен байланысты бірегей түпнұсқалық экспонаттар бар, олардың арасында: 1773 жылы өзін халыққа Петр III ретінде таныстырған Е.Пугачевтың тағы, Е. Пугачевтың көтерілісін басуға қатысқан қазақтарға Екатерина II сыйға тартқан қолғабы, Е. Пугачевтың қола қоңырауы, Е. Пугачев көтерілісіне қатысқан шаруалар туы.
Экспозициядағы ерекше орынды Мәскеуге патша соты мен жазасына беру үшін Е. Пугачев отырған шойын тор алып жатыр.
2004 жылы мұражай орналасқан ескі ғимарат толығымен қайтадан қалпына келтірілген. Осыған байланысты ескерткіш республикалық маңызындағы сәулет ескерткіші болып табылады, тарих пен мәдениет ескерткіштер ғылыми-зерттеу институтының мамандары, Астанадағы «Дара» фирмасының тәжірибелі қалпына келтірушілері мен суретшілері жөндеу жұмыстарына тартылған. Қайта қалпына келтірушілер ағаш үйдің төменгі жағын қызыл кірпішпен қаптаған, бөрене қабырғаларын ағашты шіруден сақтайтын арнайы ерітіндімен жаққан, соынмен қатар жаңа кіреберісті жасаған, ал ғимаратты жұқа метал шарбақпен қоршаған.
Мемориалдық бөлімі де өзгеріске ұшырады, Е. Пугачевтың мұражайы жөндеуден өткеннен кейін экспонаттар топтамасын айтарлықтай толықтырды.