Мекен-жай: Алматы қаласы, Самал-1, 44. Телефон: +7 727 264 5577
 
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы – Орталық Азияның ең үлкен  мұражайы болып табылады.
Оның мекен-жайы Алматыдағы Самал-1, 44 шағын ауданы. Оның жинақтамалары Неплюев әскери училищенің жанында “Орынбор өңірінің мұражайы” ұйымдастырылған Орынборда ХIХ ғасырдың  30-шы жылдарында пайда бола бастаған. Келесі жылдары Жетісу облысының, Казак әскері және Республикалық дінге қарсы әскері мұражайларының топтамалары мұражай қорына енгізілді.  1931 ж. мұражай Алматы қаласындағы бұрынғы Кафедралы соборында алғаш рет есігін ашты.  Мұражайдың қазіргі ғимараты 1985 ж. сәулетшілер Ю. Ратушный, З. Мустафина мен Б. Рзгалиевтың жобасы бойынша салынған.   Ол қаламаздың қазіргі сәулетінің ең жақсыларының бірі болып табылады.  .

Мұражай ғимаратының жалпы ауданы - 17 557 шаршы м. Оның үш қабатында көрме галлереялары мен 4 экспозициялық залы орналасқан . Оның қорында және экспозициялық топтамасында 300 мыңға жуық бірлік бар.

Бірінші экспозициялық зал –  палеонтология мен археология залы – түрлі уақыт кезеңдерінде республиканың бүкіл аумағындағы  ең көне  топтар мен елді мекендерді зерттеген экспедициялардың құрамында болған ғалым-палеонтологтар мен археологтар жинаған ОММ қорларынаның бірегей түпнұсқа экспонаттарын көрсетеді. Топтаманың ішінде 6000-ға жуық сақтау бірлігі бар, олар 520 млн. жыл мен қазіргі уақыт аралығындағы кезеңді, яғни кембр кезеңінен бастап голоцен кезеңіне дейінгі аралықты қамтитын палеоботаника мен палеозоология деп аталатын екі бөлімдерімен көрсетіледі. Осы топтаманың ерекшелігі экспонаттардың түпнұсқалығы мен олардың алуан түрлілігі болып табылады.

Мұражайдың археологиялық топтамасы алғашқы көшпенділердің, яғни ортағасырлық сарматтар мен номадтар дәуірінің жасандыларын қамтиды. Жетісу аумағындағы христиан дінінің бар болғанын дәлдейтін түркі-сириялық жазулары бар несториан тастарының жинақтамасы қызықты болып көрінеді. Мұражайда қола қазандардың, құрбан шалынатын жерлердің, шамдалдардың, тұрмыс керек-жарақтар мен қару-жарақтардың үлкен және қызықты жинағы жиналды. Сақтардың көптеген үй керек-жарақтары, қару-жарақтар мен әшекейлері өнерде скиф-сақтардың "аң стилі" деп аталатын стилінде орындалған  .
ҚР ОММ археологиялық топтамасының мақтанышы Шілікті жерінің, Екінші Покров қорғанының, Жалаулы көмбесінің көне алтыны, Қарғалыдағы бақсы әйелдің жерлеу орнындағы зергерлік әшекейлер және б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. IX ғ. Күміс ыдысы болып табылады.
 
Екінші экспозициялық зал ХV ғ. бір бөлігін, алғашқы Қазақ хандығын құру кезеңін және XX жүзжылдықтың басына дейінгі уақытты қамтиды. Осында төңкеріске дейінгі кезеңге қатысты болған тұрмыс керек-жарақтары және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, фотодеректі және бейнелеу сипатындағы материалдардың бір тобы берілген.
 
Келесі зал экспозициясның негізгі бөлігін қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографиясы жайындағы материалдарды баяндайтын бөлімдер құрайды. Тарих, орыстардың, корейлердің, украиндықтардың, ұйғырлардың, еврейлердің және т.б. қазіргі кездегі өмірі үшінші залдың негізгі тақырыбы болып табылады. Залдың басқа бөлігі Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған.
 
Мұражайдың төртінші экспозициялық залы Қазақстан Республикасының жаңа тарихы жайындағы мәліметтерді: республиканың қазіргі кездегі экономикасын және саясатын, ғылым мен мәдениеттің дамуын сипаттайтын мәліметтерін береді (1991 - 1998 жж.). Сонымен қатар экспозицияның бір бөлігі Президенттің мемлекет көшбасшыларынан алған сыйлықтарына бөлінген.
 
Экспозициялық залдардан басқа мұражайда уақытты сипаттайтын көрмелерді өткізуге арналған кең жайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында оннан бір бөлігі  стационарлық экспозициясында берілген 200 мыңға жуық экспонаттар сақталуда. Жинақтаманың бір бөлігі кейде тақырыптық көрмелерде көрсетіледі немесе бөлек қорлар бойынша топтар мен жеке тұлғалар үшін экскурсиялар арнайы тапсырыстар бойынша өткізіледі. Мұражайда Қазақстан тарихы мен мқражайтану мәселелеріне арналған мақалалар мен ғылыми жұмыстар шығарылады.
  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы
Алматы темір жол мұражайы Қазақстандағы ең ірі техникалық мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай тарихы 1999 жылы басталды, сол кезде ТЖ көлігінің құрметті теміржолшысы және ардагері Бейсен Шормақовтың жеке топтамасының негізінде шағын ведомстволық мұражай ұйымдастырылды. 

Мұражайлар
Алматы темір жол мұражайы

Алматы темір жол мұражайы Қазақстандағы ең ірі техникалық мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай тарихы 1999 жылы басталды, сол кезде ТЖ көлігінің құрметті теміржолшысы және ардагері Бейсен Шормақовтың жеке топтамасының негізінде шағын ведомстволық мұражай ұйымдастырылды. 

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды. 

Мұражайлар
Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы

Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы Алматы қаласында және қаланың ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. Осы үй Алматы қаласының орталығында 160 жылдан астам уақыт бойы тұр, XIX ғасырдың ортасында салынды.