Ақ мешіт – Павлодар облысының қызықты ескерткіштерінің бірі және Павлодардың көне ғимараттарының бірі. Ол Марғұлан көшесі 138 мекен-жайында орналасқан. Өзінің сәулеті жағынан мешіт әдеттегіден тыс салынған. Православиелік шіркеуге ұқсас кішкентай, әрі көркем ғимарат ұзын мұнарамен аяқталады (қоңыраухана орнына – мұнара, ал бес тараулықтың орнына – кең күмбез). Вознесенский шіркеуін жоғалтып алғаннан кейін мешіт жалғыз ғибадатхана, және Павлодар уезінің орталығындағы биік доминанта болып қала берді.

1901 жылғы өрт кезінде қаланың ағаш құрылыстары мен мешіт жанып кетті. Жанып кеткен мешіттің орнына 1905 жылы көпес Фаттах Рамазановтың қаржысына жаңа тас мешіті салынды. Оның төбесінде күміс ай жарқыраған мұнарасы болды. Көптеген жылдар бойы дәл осы мұнарадан белгілі бір уақытта молла намаз оқитын. Мешіт әрқашан ақ түске әктеліп тұрғандықтан халық арасында оны «Ақ мешіт» деп атап кетті. Жаңа тас ғимараттың қақпамен қоршалған және жайластырылған қосымша алаңы болды.

2005 жылы мешіттің 100-жылдығына орай ғимаратты қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бір жылдан кейін келем деушілерге мешіт есігі айқара ашылды.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Ақ мешіт

Ескерткіштер
Ж. Аймауытов атындағы қазақтың музыкалық-драма театры

Егемен Қазақстанда ашылған ең бірінші театрдың бірі Жүсіпбек Аймауытов атындағы Қазақ театры болып табылады. Театр Павлодар қаласында Ломов 140 көшесінде орналасқан.


Ескерткіштер
А.П.Чехов атындағы драма театры

Тұрақталған дәстүр бойынша Павлодар қаласының тұрғындары жақсы көретін жерлердің бірі А. П. Чехов атындағы драма театры болып табылады. Сахна өнеріне құмар болған адамдар театрдың әр маусымын асыға күтуде және театрдың шығармашылық ұжымы әрқашан осы үмітті ақтап, көрермендерді қызықты жұмыстарымен қуантып жүреді.