Мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 11. Телефон: 8 (7122) 354803, 326453

Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражай негізі Атырау облыстық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы комитетінің 15.11.1990 жылғы шешімімен қаланды. Мұражай 1992 жылы 2 сәуірде ашылды.

Негізгі экспозиция үшін суреттер ҚР Мәдениет министрлігінің Көркемөнер көрмелерінің дирекциясымен ұсынылды. 1999 жылы облыс әкімдігі мұражайға мұнай-газ компаниясы «Казахойл» («ҚазМұнайГаз») қаржысы есебінен қалпына келтірілген ғимаратты ұсынды. Мұражай қызметкерлері жергілікті портретші, бірегей суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Шаймардан Сариевтің есімін мәңгілікке қалдыру өтінішімен Мәдениет министрлігіне хат жазды. Бірер жылдан соң мұражай Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы болып қайта өзгертілді.

Мұражайдың жалпы алаңы 991,9 ш2. Бастапқыда мұражайда 1211 жұмыс көрсетілді. Коллекция тұрақты түрде толығып отырды және бүгінгі күні 1294 экспонаттан тұрады. Мұражай экспозициясы орталық зал (1950 жылдан 1970 жылға дейінгі кезең), Маңғышлақ көне өнер залы, ежелгі дәуір залы, қазіргі заманғы бейнелеу өнері, графика залы, сәндік-қолданбалы өнер залы, Шаймардан Сариев көркемөнер залдарында көрсетілген.

Графика туындыларының арасында белгілі қазақстандық суретшілер Ә.Қастеев, К.К.Ходжиков, У.Ажиев, В.И.Антощенко-Оленев, Э.Н.Бабад, К.Я.Баранов, Е.Бесембинова, А.С.Бесембинов, Н.Гаев, А.А.Гурьев, Т.Н.Говорова, А.А.Дячкин, И.Н.Исабаев, А.Исмаилов, И.Е.Квачко, М.Кисамединова және басқаларының жұмыстары. Коллекцияда ҚР қыл қалам шеберлері С.А.Мамбеев, Г.М.Исмаилова, С.Романов, Ж.Шарденов, Л.Леонтьев, И.Нурмухамедов, М.Калимов, М.С.Кенбаевтың кескіндеме туындылары қойылған.

Мұражайда сақталған картиналардың ішінде Атырау облысының тумалары болып келетін суретшілердің көптеген кескіндеме үлгілері бар, олардың ішінде КСРО Суретшілер одағыны мүшесі Әбдірашит Сыдыханов, Мұхит Калимов, К. Досниязов, Ж. Аралбаев, А. Айтмағамбетов, К.Аманов, А.Жантасов, С.Кәрібаев. Экспозицияда ерекше орынды жас жергілікті суретшілер «Шабыт» халықаралық фестивалінің Бас жұлдесі мен бірінші орын иегерлері Эльмиры Жұмабаева мен Рафаэль Слекеновтің жұмыстары алады. Мұражайда қолданбалы өнер шеберлері С. және А.Бапановтар, Л.Калимова, К.Айтқалиев, А.Назарқұл және басқаларының жұмыстары да аз емес.

Мұражайда республикалық және облыстық көрме-вернисаждар, кездесулер өтеді, мұражайдан тыс көшпелі көрмелер ұйымдастырылады. Мұражай жанында дарынды балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиясы қызмет етеді. Қала мектептерінің 25-тен астам оқушылары мұнда кескіндеме-бейнелеу өнері бойынша дағдылары мен білім деңгейлерін жоғарылатады. Балалармен кәсіби суретші-оқытушылар жұмыс жасайды. Көрмелер, конкурстар, викториналар мен облыстың танымал суретшілерімен кездесулер өткізіледі.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайы

Мұражайлар
Палеонтологиялық мұражай

Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Мұражай үлкен емес, экспозиция екі бөлмені алып жатыр, дегенмен осында жиналған экспонаттардың бірегейлігіне әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады.

Атырау облыстық тарихи-өлкелік мұражайы 1939 жылы мектеп мұражайы негізінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен құрылған. Ресми ашылуы 1940 жылғы 5 қарашада өтті.

Мұражайлар
Атырау облыстық тарихи-өлкелік мұражайы

Атырау облыстық тарихи-өлкелік мұражайы 1939 жылы мектеп мұражайы негізінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен құрылған. Ресми ашылуы 1940 жылғы 5 қарашада өтті.