Мекен-жайы: Атырау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 3-үй, Телефон: 8 (7122) 323664, 322912
Атырау облыстық тарихи-өлкелік мұражайы 1939 жылы мектеп мұражайы негізінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен құрылған. Ресми ашылуы 1940 жылғы 5 қарашада өтті. Алғашында мұражай Әйтеке би 14 көшесі бойындағы соғыс алдындағы жылдары салынған шіркеу ғимаратында ашылған болатын. Алғашқы экспозиция 200 экспонаттан тұрды. Көне заттар қоймасынан мұражай аумақтың мәдени орталығына айналды. 1999 жылғы 3 қыркүйекте мұражайға Б. Момышұлы көшесіндегі реставрациядан өткен жаңа ғимарат берілді.Мұражайдың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.
Қазіргі күні мұражайда 52 720 бұйым сақталуда. Мұражай экспозициясы археология, этнография, XII-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы, қазіргі заманғы тарих, мәдениет және әдебиет тарихы, «Ғасыр жұмбағы», «Ғасырлар үндестігі» залдарында орналасқан. Жыл сайын мұражай қоры орташа есеппен 400 экспонатқа толығып отырады.
Палеонтология залында Иманғара, Ақкереге және Ақтоғай бор тауларында мұражай мамандары мен «Мирас» өлкелік клубы өткізген экспедиция нәтижесінде табылған заттар көрсетілген. Олар көне балықтардың сүйектерін, кәдімгі моллюскілер: қуысшектілер қатарына жататын сәулелік маржандар; инелілерден – теңіз кірпісі; жұмсақденелілірден - қосжармақты моллюскілер аммонидтар мен белемниттер; басаяқтылар – барахиоподтар мен губкалар, сондай-ақ ежелгі акулалардың тістерін тапты. Сондай-ақ облыста табылған мамонттардың, жүнді мүйізтұмсықтардың, жабайы өгіздердің, бұғылардың сүйектері экспозицияға қойылған.
Мұражайдың құнды экспонаттарының бірі Жылыой ауданы Аралтөбе қорғанында З. Самашев бастаған археологиялық қазба жұмыстары барысында 1999 жылы табылған «Алтын адам» болып табылады. Қорғанда көсемнің саймандары әшекейленген алтын түйіндіктер, асатаяқ, сонымен бірге құрбандыққа шалынған екі жылқының және бүркіт пен құтылардың фрагменттері табылды. Ғалымдар бұл біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда өмір сүрген сармат көсемінің жерлеуі дейді. Аралтөбенің басқа қорғандарында қанжар, қорамсап, жебе ұштары, қыш құмыралары, моншақтардың фрагменттері табылды. Археологтар үшін б.д.д І ғ.-б.д. І ғ. даталанатын темір қылышты табу нағыз жаңалық болды.
Сондай-ақ экспозицияның негізгі бөлігін облыстың бірегей көне ескерткіші Сарайшық қаласы қазу жұмыстарынан алып келінген заттар құрайды. Ол Бату ханның ордасы, Ноғай ордасының астанасы және Қазақ хандығының орталығы бола тұра, Қасым хан кезінде XIII-XIV ғасырларда гүлдену кезеңін өткерді. Осы кезеңнің ең құнды экспонаттарының бірі 1909 жылы үш метр тереңдікте табылған құмыра. Оның бірегейлігі – ортаазиялық түрік тілінде жазылған жазбалардың сақталуында. Бұл ХIII ғасырдағы Жүсіп Баласағұн поэмасының өлеңдерінен үзінді. Археология залында сонымен қатар өзге көне қала –Атырау қаласынан 18 шақырым жердегі Ақтөбе-Лаэтиден әкелінген экспонаттар қойылған. Бұл металл құю формалары, моншақ, керамика, XVI ғасыр монеталары.
Мұражайда бірнеше жәдігерлік экпозиция бар, ол 2000 жылы 6 қарашада мұражайға сыйға тартылған ұлы композитор Құрманғазының автографы бар домбырасы мен мылтығы. Жекелеген стенд Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы айтады. Арнайы экспозиция каспий маныңдағы дала халқының өзіне тән музыкалық өнеріне арналған.
Қолданбалы өнер коллекциясының арасында 40-қа жуық әйел және 50-ден астам ерлерге арналған ертоқым коллекциясы ерекше қызығушылық тудырады. Коллекцияның ең қызық бөлігі күміс, алтын жалатылған, шынайы және жартылай асыл тастардан, түрлі ендірмелерден тұратын ХVIII–ХIХ ғасырлардығы қазақтардың дәстүрлі зергерлік әшекейлері. Бұл экспозиция арасынан көкірек әшекейлері өңіржиек, сырға, сақина, алтын жалатылған білезіктер, күміс бойтұмарлар, түймелер, самай әшекейлері – шекелік, шашқа тағатын – шашбау; ілгектер, оймақтар, тіс тазалағыштар және т.б. заттар. Қолданбалы өнер залының аса құнды экспонаттары Жәңгір ханның жұбайы Фатима ханым камзолының көшірмесі, сонымен бірге хандар мен батырлардың мөрлері және облыстағы тарихи тұлғалардың өзге заттары.
Мұражайда тұрақты түрде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кездесулер, этнографиялық және тақырыптық көрмелер, той іс-шаралары, ашық сабақтар өткізіліп тұрады. Мұражай өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі Астана қаласындағы Қазақстан Тұңғыш Президентінің мұражайында өткен «Жайық жағалауы сыр шертедi» көрмесі болды.
Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Мұражай үлкен емес, экспозиция екі бөлмені алып жатыр, дегенмен осында жиналған экспонаттардың бірегейлігіне әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады.
Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражай негізі Атырау облыстық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы комитетінің 15.11.1990 жылғы шешімімен қаланды. Мұражай 1992 жылы 2 сәуірде ашылды.