Атбасар тарихи-өлкетану мұражайын тамаша әйел Клара Амирқызы Амирова ашқан, ол экспонаттардың көпшілігін жинап, осы мұражайды құру бойынша бүкіл ұйымдастыру жұмысын жүргізген.
Мұражай 1978 жылы 25 қарашада ашылған, ол бірден туған өлкенің тарихына немқұрайлықпен қарамайтын қала тұрғындарының жылы ықыласына ие болған.
Мұражайдың бүкіл экспозициясы жиырмасыншы ғасырдың басында қалада белгілі болған ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Осы ғимарат 1911 жылы салынған, ол тарих пен сәулет ескерткіші болып табылады. Төңкерістен кейін осында С.Разин атындағы полктың комиссары Виденеев Н.Д. басқарған алғашқы төңкерістік уездік комитеті орналасқан.
Мұражай бүкіл бірінші қабатты алып жатқан, ал екінші қабатында Атбасар қаласының № 2 кітапханасы орналасқан. Тек он бес жыл өткен соң, 1993 жылы қала басшылары ғимараттың екі қабатын мұражайға тапсыру жайындағы шешім қабылдады.
Бастапқыда мұражайдың бүкіл экспозициясы төрт залдан тұрған, кейін қызметкерлердің атқарған еңбегінің арқасында топтамасы кеңейтілген. Мұражайда Атбасар тарихының, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетінің, таби,и байлықтары мен өлкенің сұлулығының, Кеңес билігінің, тың эпопеясының және т.б. залдары пайда болды.
Бүгінгі күнде мұражай экспозициясы 12 залда орналасқан және екі қабатты ғимараттың бүкіл ауданын алып жатады.Мұражай қорларында 9642 экспонат бар, олардың 5 367 бірлігі — түпнұсқалық экспонаттар. Олардың барлығы келушілердің алдында залдарда көрсетілген және олар келесі бөлімдерге бөлінген: жануарлар және өсімдіктер әлемдері; қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы; көшіп келген кісілердің этнографиясы; 1914 – 1937 жж.аралығындағы өлке тарихы; Атбасар – тыл қаласы (1941 – 1945жж.); тың және тыңайған жерлерді игеру; қазіргі Қазақстан.
Мұражай экспонаттарының көпшілігі Атбасар қаласының тарихына, сонымен қатар оның белгілі тұрғындарына, яғни соғыс пен еңбек ардагерлеріне және түрлі соғыстардың батырлары мен қаланың дамуы үшін еңбектенген қарапайым еңбекшілеріне арналған. Мұражай топтамасында осы жердің тумасының, қазақтың революцияға алғашқы қатысушыларының бірі Әділбек Майкутовтың фотосуреті бар. Фельдшер Ә.Майкутов жерлестерінің денсаулығы мен тұрмысын жақсартуға зор үлес қосқан, азаматтық соғысы жылдарында оны Колчак адамдары атып өлтірген...
Экспозицияның бөлек стендінде қызықты және бәріне мәлім емес факт анықталады. Осында неміс қызын қолына алған кеңестік азат етуші жауынгерге арналған Германиядағы белгілі ескерткіштің бейнесі көрсетілген. Оның қасында ұзын бойлы адамның суреті тұр, оның есімі Иван Степанович Одарченко. Дәл осы адам, соғыс ардагері мен Атбасар қаласының тұрғыны, мүсіндер үшін аты аңызға айналған Қызыл Армия жауынгерінің түп бейнесі болған.
Атбасар тарихи-өлкетану мұражайының директоры жиырма жыл бойы Сәулет Балғазин болып жұмыс істейді, ол мұражайды құрған Клара Амирқызының шәкірті болып табылған.
Көптеген жұмыс жылдары бойы мұражай қызметкерлері екі мыңнан астам экскурсияны өткізді, 861 лекцияны оқыды, екі жүзден астам көрме ұйымдастырған,жалпы айтқанда мұражай жұмысымен түрлі формада 200 000 астам адам айналысқан.