Осыдан іс жүзінде елу жыл бұрын 1967 жылы 3 қаңтарда Ақтөбе қаласында сол кезде Қазақстандағы алғашқы және жалғыз тұрақты планетарий ашылды. Оның ашылу тарихы бірегей болып табылады, себебі ол қазіргі кезде жоқ болып табылатын ГДР елінің азаматтары берген сыйлықпен байланысты. 60-шы жылдарының ортасында Ақтөбе қаласына аса құнды және ерекше сыйлық, «Планетарий» оптикалық-механикалық аппараты берілген, жолдама құжаттарында «Германия еңбекшілерінен Кеңес Одағының еңбекшілеріне» деген жазу бар. Сыйлық арнайы жасалған, оның өзіндік тарихы бар, 1962 жылы Ақтөбе облысында бидайдың мол өнімі алынған, оның артығын Германияның Демократиялық Республикасына жіберу жайындағы шешім қабылданды. Қалаға алғысын білдіріп, немістер «Планетарий» аппаратын сыйға тартты.

Өзгеше сыйлық туралы естіп, Ақтөбе облысының басшылары Ақтөбе қаласында планетарийді орналастыру үшін арнайы ғимаратты салуды бастауға бұйрық берді. Ғимарат айтарлықтай қысқа мерзім ішінде, яғни 3-4 ай ішінде аппаратқа арнап салынған. Жабдықты орнату үшін Мәскеуден мамандар келіп отырды. Содан бері 47 жыл бойы «Планетарий» неміс аппараты қазақстандық қалада дұрыс жұмыс істеп жатыр, сол уақыт бойы ол қызметкерлерді бірде-бір рет арандатқан емес.

«Планетарий» аппаратын дүние жүзіне әйгілі болған «Карл Цейс» фирмасы дайындаған, Ақтөбе планетарий жұлдыз залында орнатылып, ол Жерден көрінетін жұлдыздар әлемін көруге мүмкіндік берді.

Ақтөбе облыстық планетарийдің басты ерекшелігі жұлдыздар аспаны мен Күн жүйесін көрсетумен бірге лицензиялық толық күмбездік бағдарламалары болып табылады. Сеанстар толық енудің әсерін беретін күмбездің бүкіл ішкі бетін толтыратын бейнелер мен бейнебаяндарды пайдалану арқылы өткізіледі.

Планетарийдің жұлдыздар залында бірнеше жобалық аппараттардың көмегімен түрлі астрономиялық құбылыстар көрсетіледі, мысалы, күн мен ай тұтылуы, метеор жаңбырлары, гало, Күн көзінің шығуы мен батуы.

Осыдан басқа жұлдыздар залында астрономия,ғарышкерлік бойынша лекциялар, балалар лекциялары өткізіледі. Планетарийдің фойесінде келушілер Күн көзінің жүйесі, Марс ғаламшарының көріністері, жұлдызды аспанның картасы, ғарышкерлік бұрышы көрсетілген, сонымен қатар астрономиялық бұрышымен танысып, көптеген мәліметті таба алады.

Планетарийда үнемі нақты ғылымдар бойынша іс-шаралар, ғарышкерлік бойынша лекциялар, сонымен қатар дәстүрлі мерекелер өткізіледі. 2008 жылы Барнаул қаласындағы Достастық елдернің Халықаралық конференциямында Ақтөбе облысының планетарийі Планетарийлердің Еуро-Азиялық достастығының құрамына кіреді.

Ақтөбе облыстық планетарийі өңірдегі астрономиялық білім мен ғарышкерлікті дәріптеудің ірі орталықтарының бірі болып, В. Г. Фесенков атындағы Алматы асирофизикалық институтымен, Санкт-Петербург қаласындағы Пулков обсерваториясының лекторлық тобымен, Байқоңыр ғарыш алаңының мұражайымен, Ресейдегі Орынбор, Нижегород, Смоленск және т.б.планетарийларымен шығармашылық байланыс сақтауда.

Планетарий қызметкерлері өсіп жатқан ұрпақтар арасында білім беру жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Балаларға астрономия бойынша лекциялар, дүниетану сабақтары, балалар лекциялары; телесқопқа қарау; суреттер байқауы, астрономиялық олимпиадалар мен конференциялар; ғарышкерлік бойынша ақындық байқаулар, тақырыптық кештер, қызықты адамадармен кездесулер өтіп жатады. Ұстаздар мен студенттерге әрдайым әдістемелік көмек берілуде.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен мектеп мұражайының негізінде 1929 жылы құрылған болатын. Бастапқы мұражай штатында бір ғана қызметкер болды. Мұражайдың тұңғыш директоры  Д.Темушко болды.


Мұражайлар
«Руханият» Ақтөбе облысының мұражайы

«Руханият» бірегей мұражайы Ақтөбе қаласында орналасқан және бұл әлемдік және дәстүрлі діндерінің қайнар көздері жайында айтатын экспонаттары бар алғашқы әрі Қазақстандағы жалғыз мұражай болып саналады.