«Руханият» бірегей мұражайы Ақтөбе қаласында орналасқан және бұл әлемдік және дәстүрлі діндерінің қайнар көздері жайында айтатын экспонаттары бар алғашқы әрі Қазақстандағы жалғыз мұражай болып саналады.

Тақырыптаманы есепке алғанда, мұражай орналасуының символды мәні бар, ол «Нұр Ғасыр» бас мешітінің астынғы қабатында орналасқан, қабаттың жалпы ауданы 800 м2 астам жерді алып жатыр.

Мұражай 2011 жылы 8 желтоқсанда ашылған, ашылу күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған. Әлемдік және дәстүрлі діндерінің бейбітшілік пен келісім қолдауы, сонымен қатар облыстағы халықтың барлық таптарының мәдени және рухани дамуының арттыруы «Руханият» мұражайын ашудың негізгі идеясы болып табылады.

Мұражай қызметінің негізгі нысаны ғылыми-ағартушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі, сонымен қатар дін тарихы бойынша мұражай заттары мен мұражай топтамаларын айқындау және іріктеу, дін мамандарының кітаптары мен мәдени заттары кіретін дін қайнар көздерінің көмегімен оларды зерттеу және жұрт алдында көрсету болып табылады.

«Руханият» мұражай қызметінің мақсаты әлемдік және дәстүрлі діндерінің бейбітшілік және келісімін талдау, сонымен қатар мәдени және рухани дамуын арттыру болып табылады. Осыдан басқа мұражай ұлтаралық рухани және мәдени орталығы болып саналады.

Мұражадың орталық экспозициясы Исламның пайда болу тарихы жайындағы материалды көрсетеді. Осында Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны, Исламның түрлі ырымдары жайындағы қызық мәліметті табуға болады. Мұражай залында киелі ктіаптар, қолжазбалар, тұмарлар, әшекейлер, киім, таспиқ, тұрмыс заттары, Қоран сөздері бар қарулар, суреттер, литографиялар, нақыштар, қазіргі көшірмелер бар.

Осыдан басқа, мұражайда қазақ ағартушыларының өмірбаяндары мен еңбектерімен танысуға болады, олардың арасында: Ахмет Ясауи, Асан Қайғы, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Шоқан Уәлиханов.

Бөлек экспозиция қазіргі Қазақстан мен Ақтөбе облысының территориясында Исламның енуі мен таралу тарихын ашады. Осында мүфтилер мен діни қайраткерлерінің, ислам оқу орындарының және т.б. фотосуреттері бар.

Әр экспонаттың өзіндік бірегей тарихы бар: мешіт қираған орындарындағы кірпіштер, ХIX және ХХ ғасырдың басындағы Қоран түпнұсқалары, жайнамаздар, аса құрметті заттардың үлгілері, имамдар мөрлері. Топтамада тіпті әулие Бекет атаның асатаяғының нақты көшірмесі бар.

Мұражайдың келесі бөлімі христиандық дінінің пайда болу тарихы мен оның негізгі бағыттары, яғни православие, католицизм, протестантизммен байланысты.

Бөлек экспозиця буддизмді баяндайды. Осында Будданың мүсінін, буддизмдік ғибадатханалардың үлгілері мен бейнелері, Құдыреттің жарықтау көріністерін көрсететін миниатюралар, монахтың киімі және т.б. бар.

Мұражай қызметкерлері кәсіби теолог және мәдениеттанушы мамандар болып табылады, олар әрдайым мұражайдың жеке экспонаттары жайында айтуға, сонымен қатар шолу және тақырыптық экскурсияларды өткізу бойынша қызметті атқаруға дайын.

«Руханият» мұражайының директоры облыстағы белгілі әрлендіруші,суретші, мәдениеттанушы Болат Атраубаев болып табылады.

Мұражай жас болып саналады, бірақ қызметкерлердің жасаған қызметінің арқасында онда экспонаттардың үлкен топтамасы жиналған, қазіргі кезде оның негізгі қоры қалыптасып, толықтырылуда.

Жасалған тұжырымдамаға сәйкес мәлімет материалын жинау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен мектеп мұражайының негізінде 1929 жылы құрылған болатын. Бастапқы мұражай штатында бір ғана қызметкер болды. Мұражайдың тұңғыш директоры  Д.Темушко болды.


Мұражайлар
Ақтөбе Облысының планетарийі

Осыдан іс жүзінде елу жыл бұрын 1967 жылы 3 қаңтарда Ақтөбе қаласында сол кезде Қазақстандағы алғашқы және жалғыз тұрақты планетарий ашылды. Оның ашылу тарихы бірегей болып табылады, себебі ол қазіргі кезде жоқ болып табылатын ГДР елінің азаматтары берген сыйлықпен байланысты.