Көркем және сәндік-қолданбалы өнерінің Ақтөбе мұражайы отыздан астам жыл бойындағы тарихқа ие, ол 1981 жылы 2 шілдеде ҚазКСР Мәдениет Министрлігінің шешімімен ашылды. Бастапқыда мұражай Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің көркем көрмелерінің жиырмасыншы филиалы ретінде қызмет атқарған және Ақтөбе облысының көркем көрмелік залының мәртебесінде болған.
Жаңа залда өткен алғашқы көрме «Қазақстанның бейнелеу өнері» деп аталған, ол бірден Ақтөбе облысының сурет әуесқойларының арасындағы танымалдығына ие болды.
Мұражай өміріндегі жаңа кезең 2006 жылы басталды, сол кезде Ақтөбе облысының әкімінің қаулысы бойынша «Ақтөбе облыстық көркем көрмелік залы» МБ «Көркем және сәндік-қолданбалы өнерінің Ақтөбе облысының мұражайы» МБ болып қайта құрылды.
2013 жылы мұражай Ақтөбе қаласының орталығында орналасқан жаңа қайта қалпына келтірілген екі қабатты ғимратында орналасқан. Жаңа ғимарат мұражай мүдделері арналған, оның ішінде тұрақты экспозиция мен уақтыша көрмелер үшін орын алдын ала қарастырылған.
2013 жылы 2 қарашадағы көп күткен оқиғамен байланысты мұражайдың жаңа экспозицияның тұсаукесері өтті.
Мұражайдың тұсаукесерінде келушілерге:
- Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының 80-жылдығына арналған ақтөбелік суретшілер жұмыстарының көрмесі;
- «Оралдан Мұғалжарға дейін» Ресей Федерациясының Нижний Тагил суретшілерінің көрмесі. Көрмеде 42 суретшілердің 100 жұмысы өтті. Атақты Нижний Тагилдық әшекейленген табақтарына ерекше назар аударылады. Гүл мен оюлармен безелген табақтар – орыстың көне кәсібі. Көрмеде 21 авторлық табақ қойылған.
- Атақты ақтөбелік және қазақстандық суретшілерінің жұмыстары қойылған мұражай қорларынан құрылған көрме.
Бүгінгі күнде Көркем өнерінің Ақтөбе облысының мұражайында өнердің түрлі жанрларындағы 4000 астам туындылар бар. Бұл Ақтөбе облысының және Қазақстанның қазіргі бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің туындылары, Халықаралық көрмелеріндегі графика және экслибристер.
Қазіргі кезде мұражай жаңа мәдени бастамалардың тартылыс орталығы болып келеді, бұл өнер мұражайына үнемі Ақтөбе қаласының суретшілер жұмыстарының жеке және біріктірілген көрмелерін, сонымен қатар көрерменнің зор қызығушылығын туғызатын Қазақстан мен жақын шетел елдер шеберлерінің жылжымалы көрмелерін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының басты мақсаты көрмелік-экспозицялық жұмыс, Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасын және мәдени дәстүрлерін сақтау мақсатында барлық жанрдағы кәсіби және қазіргі бейнелеу өнерін дамыту, халық шығармашылығын насихаттау және мұражай құндылықтарын көпшілікке тарату.