Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 14. Телефон: 8 (7132) 21-13-67, 8 (7132) 21-13-68

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен мектеп мұражайының негізінде 1929 жылы құрылған болатын. Бастапқы мұражай штатында бір ғана қызметкер болды. Мұражайдың тұңғыш директоры Д.Темушко болды. 1965 жылы жөндеуден өткен қонақ үй ғимараты берілгенге дейін мұражай көп уақыт бойы түрлі орын-жайларға көшіп жүрді. 1967 жылғы мамырда ҚазКСРО ОК КП бірінші хатшысы А. Қонаевтың қатысуымен мұражай экспозициясының салтанатты ашылуы өтті.

Мұражайдың фойесі ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис Пактың сақтардың аң стиліндегі ағаштан жасалған композициясымен безендірілген.

Мұражай алаңы 1550 ш.м. құрайды. Экспозиция 8 залда сақталады. Экспонаттардың жалпы саны 90 мың данадан асады. Мұражай қорында минералогия, палеонтология, ботаника, археология, сәндік-қолданбалы өнер, нумизматика, сирек кітаптар, мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдардан тұратын құнды коллекциялар бар.

Бірінші залдың экспозициясы археологиялық, сәулеттік ескерткіштер мен өңірдің қолданбалы өнерінің бірегей туындыларына арналған. Мұнда ежелгі уақыт заманынан табылған қырғыштар, пышақтар, жебенің ұштары және басқа еңбек құралдары көрсетілген. Б.д.д VI-V ғасырлардағы кезеңде облыс аймағында сармат мәдениеті дамыған болатын. Мұражай коллекциясында «Бесоба», «Сынтас», «Нагорный» қорғандарынан табылған алтын әшекейлердің, скифтік аң стилінде жасалған сүйек қасықтардың тамаша үлгілері бар. Мұнда ежелгі зергерлік өнердің жоғары кезеңі болып табылатын түрлі-түсті ендірмелерімен полихромды стильде жасалған халық шеберлерінің бірегей туындылары да табылды. Мұражай залында Жилянка кенті және Талдық өзені маңында ғұн көсемінің жерленген жерінен табылған заттар (қоңыраулар, құмыралар, мыс ожау, белбеу және басқалары) көрсетілген. Өңірдің ортағасырлық тарихының куәгерлері оғыз көсемінің жерлеу жеріндегі заттар жүзік, белбеу, ат ауыздығы, сондай-ақ халцедондық моншақтар болып табылады.

Мұражайда 29 зергерлік әшекейден тұратын бай зергерлік коллекция бар. Экспозицияға қойылған бұйымдар – сырға, шолпы, өңіржиек, түйме, бойтұмар, айсырға, қоңыраусырға, білезік, кемер белбеу және т.б. Батыс Қазақстан шеберлерінің жоғары эстетикалық талғамы мен қайталанбас қолтаңбасын паш етеді. Экспозициядағы ерекше орын күйдірілген кірпіштен құрылыс жүргізу дәстүрі айқын байқалатын Солтүстік Шың үстірті (Доңызтау) ескерткіштеріне берілген. Сондай-ақ Абат-Байтақ (XIV - XV ғғ.) кесенесінің макеті тұр.

Табиғат залының экспозициясы тау жыныстарында бекітіліп қалған ежелгі жануарлардың қатып қалған сүйектерінен басталады. Олардың ішінде алғаш рет 1912 жылы Ырғыз ауданында табылған үлкен сүтқоректі индрикатерийдің сүйектері. Ұзындығы 8 м жететін индрикатерийлер бұрынғы уақытта облыс аймағында өскен бақ тәрізді ормандарды мекендеген. Сонымен бірге мұражайда Ілек өзені жағасында табылған алып бұғының мүйіздері, байырғы бұқаның бассүйегі, мамонт сүйектері қойылған. Залдың орталық диорамасында облыс жануарлар әлемінің қазіргі заман өкілдері: қасқыр, сайғақ, дала бүркіттері, қабандар және басқалары бар.

«Дулығалы дала перзенттері» залы тарихи және мұрағаттық құжаттар, ескерткіштер арқылы өңір аумағындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен бас көтерулер, жекелеген батырлар мен қолбасшылар туралы сыр шертеді. Залда Әбілқайыр хан (1693—1748), кіші жүздің аса зор шешені мен биі Әйтеке Байбекұлы, аты аңызға айналған Жалаңтөс батыр (1576—1656) сияқты көрнекті тұлғалар туралы материалдар сақталған. Экспонаттардың арасында ең бағалысы – Есет батырдың сауыты және антрополог Н. Шаяхметов жасап шығарған мәскеулік антропология лабораториясының бірегей жұмысы ақын және әйгілі тарихи тұлға Махамбет Өтемісұлының мүсіні. Ресей империясының кезеңін Хиуалық жорық картасы, Орынбор және Мәскеу мұрағаттарынан алынған бекініс жоспарлары, Ақтөбе қаласының ежелгі көріністері, қалалықтардың заттары, Арал теңізін зерттеу бойынша экспедицияның құрамында осы өңірде болған ұлы украиндық ақын Т.Г. Шевченко жасаған бекініс суреттерінің көшірмелері көрсетеді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы оқиғаларына арналған зал облыс тумалары қатарынан шыққан майдангерлер мен батырлар туралы айтады. 35 ақтөбелік «Кеңес одағының батыры» атағына лайық болып, 9 адам ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталған. Олардың ішінде, Шығыстың даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры – Ә. Молдағұлова.

Келушілердің қызығушылығын ақтөбелік космонавтар Кеңес Одағының Батыры В.И.Пацаев, Ресей Батыры Ю.Лончаков жөнінде айтатын «Космос» залы тудырады. Бұл залда мәскеу эксперименттік лабораториясында жасалған ғарыштық орбиталық «Салют-6» станциясының және «Союз» ғарыштық кемесінің макеттері орнатылған.

Мәдени-ағартушылық бағдарлама аясында мұражай тарихи-әдеби және музыкалық-танымдық іс-шаралар, «Наурыз» мейрамын, туристтік бағдарға сәйкес қала және облыс бойынша экскурсиялар өткізеді. 1999 жылдан Ақтөбе облыстық мұражайы Красноярдағы «Ашық мұражай» халықаралық ассоциациясына қабылданды және 2003 жылдан «Қазақстан ИКОМ» Халықаралық мұражай кеңесінің қазақстандық ассоциациясының мүшесі болды.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражайлар
Ақтөбе Облысының планетарийі

Осыдан іс жүзінде елу жыл бұрын 1967 жылы 3 қаңтарда Ақтөбе қаласында сол кезде Қазақстандағы алғашқы және жалғыз тұрақты планетарий ашылды. Оның ашылу тарихы бірегей болып табылады, себебі ол қазіргі кезде жоқ болып табылатын ГДР елінің азаматтары берген сыйлықпен байланысты.


Мұражайлар
«Руханият» Ақтөбе облысының мұражайы

«Руханият» бірегей мұражайы Ақтөбе қаласында орналасқан және бұл әлемдік және дәстүрлі діндерінің қайнар көздері жайында айтатын экспонаттары бар алғашқы әрі Қазақстандағы жалғыз мұражай болып саналады.