Ақмешіт - тек тарихи және көркем мағына ғана емес, сонымен қатар зор рухани мағынаға ие болатын ескерткіштердің ансамблі. Ансамбль Атырау облысының Жылыой ауданында Аккиізтой аулынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан.

Ансамбльдің негізгі объекті болып Жем өзені бойында орналасқан жер асты мешіт табылады. Аңыз бойынша, бұл мешітті 19 ғасырдың басында дарынды діндар білім таратушы, ислам дін маманы, ғалым мен сәулетші Бекет атаның шәкірті Кұлшан салды.

Бізге жеткен ауызша дерекнамаларға сүйенсек, Бекет ата 18 ғ. екінші жартысында өмір сүрді. Оның туған жері Атырау облысындағы Кұлсары ауылы болып табылады. 14 жасында жас дін маманы батасын алу үшін ел ардақтысы әулие Шопан атаның қабіріне аттанды. Жас жігіт әулиенің қабірі жанында үш күн өткізіп, үшінші түнде батаны және оқуға деген өсиетін алды. Бекет ата Хиваға жол жүреді, сол жерде медреседе оқып, білім алады. 40 жасында софы болып, балалардың сауатын ашады. Өмірі қиын болып, Бекет ата ғалым мен қажы ретінде көптеген саяхат жасап, ақырында туған жеріне оралады. Емшілік қабілеті болғандықтан, ол адамдар емдеген, білімін беріп, рухани күш берген. Оған науқастар жиі келген және әрқайсысы үшін жұбату сөздерін тауып, қолдауын көрсетті. Бекет ата дау мәселелерін шешу кезінде би ретінде шығып, әрқашан нағыз софының сабыры мен даналығын көрсетті. Өзінің діни өсиеттерінде Бекет ата дінге сенетін адамдарды адал, әділетті болуға және жақсылық етуге щақырды. Бұл дана және әулие адам халық арасында қалмықтарға қарсы күресте ерлік жасаған жауынгер ретінде қалды. Ол оның арғы атасы Есет батыр сияқты батыр және батыл адам болды.

Аңызға сүйенсек, Бекет ата 4 мешітті салды, алғашқысы Кұлсарыдағы Ақмешіт, екіншісі борлы жартастарда Бейнеу ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан, үшіншісі Үстірт жонында Байшатыр деген жерде, төртіншісі Оғланды шатқалында борлы жартас мүйісінде салынған. Ол акустикасы осы күнге дейін жақсы болып табылатын жеті бөлмеден тұрады. Ол осы мешіттің жанында жерленген. Бекет ата қорығы рухани, тариха және сәулетті ескерткіш болып табылады.

Ақмешіт-Кұлшан бір-бірімен үш қабатты доғамен біріктірілген берік етіліп салынған борлы құрылыстардан құрылған екі кең бөлмеден құрылған. Мешітке өту жолы тар, ұзын болып табылады, бірінші бөлмеде күндіз күн сәулесі кіретін арнайы жырық бар, осылай мешіт табиғи жарық арқылы жарықтандырады. Қабырғада арнайы қуыстар бар, бөлменің оңтүстік-шығыс бөлімінде михраб орналасқан. Михраб бұл – Меккеге бағытты көрсететін доғамен және бағаналармен безендірілген арнайы текше, имам намазын оқуға арналған бөлме, осылай ол намазды оқыған басқа адамдарың алдында болады.

Мешіттен басқа Ақмешіт ансамбліне 32-құлпытастардан, 2-қойтастардан, 2- күмбезді кесенелерден және бір сағанатамнан тұратын қорық кіреді. Сәулет-сәндік және тарихи-этнографиялық маңызға 13 құлпытас ие болады.Ақмешіт адамдар жиі келетін жер болып табылады, адамдар осы жерге ерігу әуесқойлықтан ғана емес, сонымен қатар киелі жерлерде болу ниеті себебімен барады.

  • Достарға әңгімеле:
Мұнайшылардың тұрғын қалашығы – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы тұрғын үй сәулетінің бірегей ескерткіші. Атырау қаласының айтулы аудандарының бірі «Жилгородок» шағын орамында орналасқан, кеңестік сәулет өнерінің орасан зор жобаларының бірі.

Ескерткіштер
Мұнайшылардың тұрғын қалашығы

Мұнайшылардың тұрғын қалашығы – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы тұрғын үй сәулетінің бірегей ескерткіші. Атырау қаласының айтулы аудандарының бірі «Жилгородок» шағын орамында орналасқан, кеңестік сәулет өнерінің орасан зор жобаларының бірі.

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Ескерткіштер
Успендік соборы

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.