Ақбауыр – Жоғары Ертістің қызықты табиғи-тарихи ескерткіші, неолиттік ғибадатханалық кешен. «Ақбауыр» термині Б. Өтепов, Васильевка, бұрынғы шипажай Горняк, Көшінай, Қөк-Тау ауылдарымен шектелген ауданды белгілеу үшін қолданылады. Оның орталық бөлігінде Ақбауыр шатқалы орналасқан. Ақбауыр Өскемен қаласынан 38 км қашықтықта Сағыр ауылының шетіндегі Ақбауыр бұлағының бастауында, Қоржымбай тауында орналасқан.

Тау үңгірінде көптеген көне петроглифтер сақталған. 80-ге жуық сурет табылған, соның ішінде адамдардың, таутекелердің бірнеше бейнесі, тұрғындар мен арбалардың да суреттері бар, қалғандары – түрлі нышандар мен беллгілер. Үңгірдің жүрек түріндегі табиғи қуыс «төбесі» өңдеу іздерін сақтап қалған, мүмкін, ол түнгі аспан жұлдыздарының негізгі қозғалысын белгілеу үшін қарауыл шоқыны жасаған адаммен түзетілген болар. Үңгірден 500 м қашықтықта мегалиттік құрылыстар – өзгеше амфитеатр түрінде құрылған тас тақтайшалар орналасқан. Амфитеатрдың қысаң бөлігінде қолдан жасалған қабырға бөгеп тұр. Ол қатаң түрде ендік бағытта шығыстан батысқа қарай қарап тұр. Оның ортасында биіктігі бір метрге жуық кішкене гранитті бағанаша тұр. Ол көрші төбеге сілтеп тұр. Оның үстінде де таудың шыңына бағытталған бағанаша орнатылған. Егер бұл сызықты ойша жалғастырсақ, ол шолпан жұлдызына көрсететіні сөзсіз.

Бұл фактілердің барлығы ғалымдарға Ақбауыр жұлдызды аспанды бақылауға арналған ежелгі астрономиялық кешен деп санауға негіздеме болды. Бұл теорияны көптеген зерттеушілер қолдап отыр. Осылайша, З.С. Самашев Ақбауыр үңгіріндегі қуыс арқылы Үлкен Аюға бақылау жасалған деп сендіреді. Л.С.Марсадолов зерттеу объектілері Күн, жұлдызды аспан, Тауешкі шоқжұлдызы болды дейді. Е.В. Курдаков фермаға жақын жердегі табиғи жартасты шығаберістерді «астрокешен» деп атайды, ол мұнда көктемгі күн теңесу, жазғы және қысқы тоқырау күндері Күн өтетін үш нүктені бақылауға болатын белгілі бір орын барына сендіреді. Басқа зерттеушілер кешеннің діни мақсаты туралы айтады. Мүмкін мұнда тау және өлілерге табынушылыққа байланысты салт жоралы өткізілген болар. Бір нұсқа бойынша Ақбауыр жерлеу рәсімдерін өткізуге арналған. Қай нұсқа дұрыс болған жағдайда да Ақбауыр Қазақстан аумағындағы ежелгі мәдениеттердің қызықты ескерткіштерінің бірі болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Ақбауыр

Ескерткіштер
Семей қаласындағы екі мұнаралы соборлы мешіт

Семей қаласының орталығында, Абай 50 көшесінде қаладағы ең әдемі республикалық маңызындағы сәулет ескерткіштерінің бірі – Екі мұнаралы соборлы мешіт орналасқан. Ол 1856-1862 жылдары аралығында салынып, ХІХ ғасырдың діни ислам сәулетшілігінің үлгісі болып табылады.


Ескерткіштер
Дәуітбек Шамансұр кесенесі

Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласының орталығында Дәуітбек Шамансұр кесенесі орналасқан. Бұл кесене монғол наменгері Ұлұқ Білге Икбалхан Дәуітбектің жерленген жерінде тұрғызылған. Осы сәулет өнерінің ескерткіші жергілікті халық арасында Шамансұр кесенесі атымен белгілі.